- Блогтар
- Құрманғалиева Ж.Д.
Құрманғалиева Ж.Д.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы
Құрманғалиева Ж.Д.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы
Құрманғалиева Жанна Дулатқызы
1969 жылы 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақжал ауылында дүниеге келген.
1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «философия» факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бастады. 1998-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды.
2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің электрондық БАҚ, БАҚ департаментінің директоры;
2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі, бас инспекторы;
2005-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары, Президент Баспасөз хатшысының орынбасары;
2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы, 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы;
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі;
2016-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі;
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік хатшы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының www.akorda.kz. ресми сайты веб-тобының жетекшісі болған.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
20-дан астам имидждік деректі фильмдердің авторы.
Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.